Пәкістанда жолаушылар фургоны өзенге құлап, 18 адам із-түзсіз жоғалды

ИСЛАМАБАД. Синьхуа-ҚазАқпарат - Жолаушылар фургонының өзенге құлауы салдарынан кем дегенде 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің өкілі Мұхамад Хамзаның айтуынша, келеңсіз жағдай дүйсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында, Жоғары Кохистан ауданында орын алды. Жолаушылар фургонының өзенге құлауы салдарынан жоғалған 18 адам табылмай жатыр.