Пәкістанда зымыран соққысының салдарынан 13 адам қаза тапты

ИСЛАМАБАД. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат – Пәкістанның солтүстік-батысында американдық ұшқышсыз ұшақ жасады деп пайымдалып отырған зымыран соққысының салдарынан 13 адам қаза тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Сегіз адам жарақат алған. Пәкістандық арнайы қызметтердің ақпараттары бойынша, қаза болғандардың ішінде бейбіт халық та бар. Зымыран Солтүстік Уазиристандағы тұрғын үйлердің біріне тиген. Исламабад Құрама Штаттарды американ әскерлері мен халықаралық коалиция күштеріне қарсы содырлар жиі шабуыл жасайтын Ауғанстанмен шекаралас аудандағы Пәкістан аумақтарына 30 шақты осындай соққы жасады деген күдік келтіріп отыр.