Пәкістандағы ҚР Елшілігінде сайлаушылардың 60% астамы дауыс берді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда жергілікті уақытпен сағат 7.00-де Пәкістан Ислам Республикасындағы ҚР Елшілігінің ғимаратында №210 сайлау учаскесі ашылды.

Қазақстан Республикасының әнұраны салтанатты түрде шырқалды.

«Таңертеңнен электораттың белсенділігі байқалып, түске дейін дауыс берушілердің үлесі 60% асты. Олардың ішінде Пәкістан аумағында және консулдықта есепте тұрған студенттер, азаматтар бар»,- делінген Пәкістандағы ҚР Елшілігінің хабарламасында.

Азаматтық борышын орындауға келген ҚР азаматтары үшін Исламабадтағы ҚР Елшілігінің ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырды.