Пәкістандағы лаңкестік әрекет салдарынан алты адам қаза тапты

None
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жанкешті-лаңкес автомобильмен Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскерилендірілген үкіметтік күштерінің бақылау-өткізу пунктін соқтығып өтті, алты әскери қызметкер қаза тауып, 19-ы жарақат алды. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

Пәкістандағы «Талибан» қозғалысы тобының баспасөз қызметкері Ихсанула Ихсан топтың лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті өзіне алғандығын мәлімдеді.