Пәкістандағы лаңкестік үш адамның өмірін қиды

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Пәкістандағы барлау басқармасының ғимаратында болған лаңкестік салдарынан кемінде төрт адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің хабарлауынша, оқиға елдің орталық аумағында орналасқан Мултан қаласындағы мәхаллалардың бірінде болды.

Лаңкестік салдарынан барлау басқармасының ғимараты және бірнеше көрші орналасқан құрылыстар қатты бүлінді. Оқиғаның мән-жайы тергелуде.