«Өзбекстан әуекомпаниясының жүк тасымалдайтын Ил-76 ұшағы 40 тонна гуманитарлық жүгімен дүйсенбі күні Пәкістанның Равалпинди әуе базасына қонды», - делінген таратылған ақпаратта.
Республика ТЖМ мәліметтері бойынша, 300 мың сомалық гуманитарлық көмек көрпелер, палаткалар, ауызсу, дәрі-дәрмектер, ұн мен күріш, балалар тағамы мен киім-кешектерден тұрады.
Пәкістан үкіметінің мәліметтерінше, екі айда табиғи апаттан қаза болғандар саны 1,6 мың адам болып, кем дегенде 20 млн. адам зардап шекті. Қазір Пәкістан территориясының бестен бір бөлігі су астында қалып отыр.