Пәкістандағы жарылыс: 1 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН-КАРАЧИ. ҚазАқпарат – Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының астанасы Кветта қаласында базарда болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тоғызы жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы аптадағыекінші жарылыс шиит-хазар қауымы мүшелеріне тиесілі шағын базарда болған. Бұлтуралы Anadolu агенттігіне провинцияның Ішкі істер министрі Мир Зия Ланговхабарлады.

Әзірге ешқандайтеррористік ұйым лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ,алайда Лашкар-и-Джангви сунниттік содырлар тобы өңірдегі хазар жамағатынабіраздан бері шабуыл жасап келеді.

Өткен аптадаКветтада полиция учаскесінің маңында болған жарылыс салдарынан төрт адам мертболып, 20-дан астам адам зардап шеккен еді.

Белуджистанпровинциясы мыс, мырыш және табиғи газға бай стратегиялық маңызды өңір. Соңғыон жыл ішінде провинцияда, әсіресе астанасы Кветтада лаңкестік шабуылдарсалдарынан 2200 адам қаза тапты.

Провинцияныңаумағынан Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі өтіп жатыр. Жобаның құны 64 млрдАҚШ долларын құрайды. Ол Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьсян провинциясынБелуджистандағы Гвадар портымен автомобиль жолдары, теміржол және жүк, мұнайжәне газ тасымалдау үшін құбыр желілерімен байланыстырып отыруға арналған.

600 шақырымдықжағалау желісі бар Гвадар тереңде орналасқан теңіз порты. Ол арқылы Қытай Үндітеңізіне тікелей шығуды көздеп отыр.

Бұл экономикалықдәліз Қытайға Африка мен Таяу Шығысқа жол ашып қана қоймай, Пәкістанғатранзиттік қызмет көрсеткені үшін миллиардтаған доллар әкеледі.