Карачи қаласындағы Авами Ұлттық партиясы кеңсесінің жанындағы жарылыста кемінде 10 адам қаза болды және 30-дан астамы жараланды.
Пешавар қаласында жарылыс әйелдер үшін сайлау учаскесінде болды. 8 адам жараланды.
Сайлауға бір күн қалғанда «Талибан» қозғалысының өкілдері халықты дауыс беруге байкот жариялауға шақырды, сонымен қатар жанкештілер шабуылы әзірленіп жатқанын ескертті.
Би-Би-Си-дің Исламабадтағы тілшісінің хабарлауынша, қауіпке қарамастан халықтың көпшілігі сайлауға қатысуда.
Дауыс беруге бірнеше сағат қалғанда Пәкістан көрші елдерден содырлардың өз аумағына өтуінің алдын алу үшін Иран мен Ауғанстан шекарасын жапты.
Өкімет орындары шекара үш күнге дейін жабық болатынын мәлімдеді.