Басылым мәліметінше, ғимарат қатты бүлінген, сондай-ақ жақын маңда орналасқан үйлер мен көліктердің терезелері сынған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, газ баллоны жарылған болуы мүмкін. Мамандар оқиға орнында келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.