Оқиға Пешавар қаласында орын алды. Полицияның берген мәліметтеріне қарағанда, жарылғыш зат базар алаңындағы тұрақта тұрған көлікке қойылған.
Құқық қорғау органдарының өкілдері мәлім еткендей, бомбада 10 келіге жуық жарылғыш зат, сондай-ақ метал сынықтары болды. Пешавар полициясы басшыларының бірі атап өткендей, барлық зардап шеккендер қажетті медициналық көмектерді алуда, алайда олардың денінің жағдайы аса ауыр. Қазіргі уақытта бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосқаны белгілі болды.