Пәкістандық 60 секундтың ішінде басымен 43 кокосты жарып, рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандық спортшы Рашид Насим 60 секундта 43 шикі кокосты басымен жарып, рекорд орнатты. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.

Мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін Карачидің 30 жастағы тұрғыны алты ай бойы дайындалған. Өзі жауынгерлік өнермен айналысса да, дайындық барысында жарақат алған.

Бұл Рашид Насим орнатқан алғашқы рекорд емес. Daily Mail басылымының хабарлауынша, шамамен бір жыл бұрын ол өз басымен 60 секундта 210 грек жаңғағын уатқан.

 «Мен бес рет Гиннестің рекордтар кітабына енуге талпындым, - деді Насим. - Менің мақсатым - елім мені мақтан тұтуы үшін 50 рекорд орнату».