Еуропарламенттің саяси фракцияларының көшбасшылары Сахаров атындағы сайлықтың лауреаты атағына Пәкістаннан 16 жасар Малала Юсафзай деген қызды лайық деп тапты.
«Малала Юсафзайға сыйлықты тағайындай отырып, Еуропарламент жас қыздың зор ерік-жігерін атап өтеді», деп мәлімдеді Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц лауреаттың аты-жөнін жариялау үстінде.
М.Юзафзай - 16 жастағы пәкістандық қыз, ол әйелдердің білім алуы, бостандығы және өзі таңдау жасауы үшін күресуде. Ол бұл күресті 11 жасында бүркеншік атпен өз блогын ашқан кезде бастаған.
2012 жылғы қазанда Талибан содырлары қызды өлтірмек болды, бірақ олардың жолы болмады.
Сыйлықты тапсыру осы жылғы 20 қарашада Страсбургте Еуропарламенттің салтанатты рәсімінде болады.