Пәкістандық тәлібтерді Хакимулла Мехсуд басқаратын болды

АСТАНА.  Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат -  Американдық авиация  Бейтулла Мехсудтың көзін жойғаннан кейін, тәлібтердің пәкістандық қозғалысына Хакимулла Мехсуд   басшылық  етіп  отыр.  Жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдары    бұл туралы      бұған дейін  экстремистердің    тұрақты жетекшісі сайланғанша,  өзін  уақытша   әмір  деп  жариялаған  молда  Факир   Мохаммадқа  сілтеме жасап   хабарлады.

Факир  Мохаммад     Пәкістан    тәлібтерінің уақытша  қолбасшысы  өкілеттігін   тапсыратынын  мәлім етіп,  «тәлібтердің    дала   командирлерінің  жиыны    әмірлікке Хакимулла  Мехсудтың  тағайындалуын  мақұлдағанын»   батыс  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне телефонмен  хабарлаған.

Хакимулла Мехсуд   көзі   жойылған  Бейтулла Мехсудтың   орынбасарларының бірі  болған  және  ол  жанкешті-лаңкестер дайындауға  және  Пәкістан  федералды басқармасының   тайпалар  аумағында, Оракзай    аудандарында      бүліктер  ұйымдастыруға  жауапты  болған.