«Al Jazeera» телеарнасының хабарлауыша, өлім жазасы жексенбі күні таңертең орындалды. Жазаның ең жоғарғы түріне кесілгендердің барлығы иорданиялықтар.
Бұған дейін соңғы рет Иорданияда 2006 жылы 122 адам өлім жазасына кесілген, одан кейін аталған үкім түріне мораторий енгізілген.
Еске сала кетейік, 16 желтоқсан күні Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф Пешеварда мектепке жасалған қастандықтан кейін өлім жазасына қойылған мораторийді алып тастады.