Пәкістанның әскери әуе күші Ауғанстанмен шекарада 12 содырдың көзін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның әскери әуе күші Ауғанстанмен шекарада орналасқан Солтүстік Вазиристан агенттігінде (әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі) 12 содырды жойды.

Авиасоққылар барысында лаңкестердің бірқатар жетекшілері өлтірілді.

Соңғы жылдары Солтүстік Вазиристанда «Зарб-э-Азб» атауымен талибтерге қарсы әскери операция жүргізілуде.

Елдің Қорғаныс министрлігі бұдан бұрын осы уақыт ішінде 2763 лаңкес жойылып, олардың 837 баспанасы қиратылғанын, 253 тонна жарылғыш зат тәркіленгенін нақтылаған.