Пәкістанның Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы теңізге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы Арабия теңізіне құлап, бір әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Geo TV телеарнасы.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, тікұшақ жағалау бойымен ұшып бара жатқан кезінде теңізге құлаған.

Бір әскери қызметші мерт болған, экипаждың  қалған мүшелері жарақаттанған. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары әзірге  белгісіз.