Ласбела ауданында провинция астанасы Кветтадан Карачиге бара жатқан қалааралық автобус жолдан шығып кетіп, аударылған. Мерт болғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Жараланған азаматтардың барлығы ауруханаға жеткізілді, кейбірінің жағдайы өте ауыр.
Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, жол апатына автобус жүргізушісінің жылдамдықты арттырғаны себеп болған.