П.Мушаррафтың қорғаушылары экс-президенттің омыртқасының ауыруына байланысты шетелдегі дәрігерлер көмегіне жүгінуі керек деп мәлімдеген. Мұндай емдік шаралар Пәкістанда жасалмайды.
Генерал Мушарраф 2001 жылдан 2008 жылға дейін президент қызметінде болған. Ал 2008 жылы елден кетті. 2013 жылы Пәкістанға оралған Мушарраф парламенттік сайлауға қатысуды жоспарлаған, алайда ел билігі оған бірқатар айып тақты.
Генерал өзінің кінәсіз екенін айтып, бұл іске саяси себептер түрткі болып отырғанын білдірді.