Пәкістанның бұрынғы премьері жемқорлық бойынша ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық жемқорлықпен күрес бюросының өкілдері Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Шахид Аббасиді жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Doon газетіне сілтеме жасап.

Басылымда жария болғандай, Аббаси бүгін соталдына жемкорлық ісі бойынша тергеуден өту үшін келуі керек болған. Алайдапремьердің сотқа келмеуіне байланысты Пәкістанның жемқорлыққа қарсы іс бойыншасоты бұрынғы премьер-министрдің ісін ары қарай сот инстанциясына жіберу үшіноны қамауғак алуға ордер берді.

Шахид Аббасиге 2013 жылы сұйытылған табиғи газды импорттауға байланысты мемлекеттік сатыпалулар бойынша заңды бұзып, келісім жасады деген күдік тағылды.

Аббаси мұнай және табиғи ресурстар министрі қызметінатқарған. Сондай-ақ, 2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айына дейінПәкістанның премьер-министрі болған.