Пәкістанның Карачи қаласында содырлар 37 адамды атып кетті

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат -Пәкістанның Карачи қаласында орын алған атыс-шабыс кезінде содырлар 37 адамды атып кетті. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Содырлар мен тәртіп сақшыларының арасында болған атыс-шабыс кезінде сондай-ақ ондаған машина мен дүкендер өртке оранды. Экстремистер сондай-ақ үлкен бір саяси партияның депутаты Рази Хайдерді де атып өлтірді деген күдік бар. Саясаткер мен оның оққағарының денесі Карачидің Назимабад ауданындағы мешітте табылып отыр.

Карачи - Пәкістанның оңтүстігінде тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Қала тұрғндарының саны 16 миллиондай.