«Теракт жергілікті химия және фармацевтика өнеркәсібі жұмысшыларының шеруі кезінде орын алды. «Жанкешті өзін-өзі жарып жіберген болуы керек, алайда полиция әлі де тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»,-деді Пенджаб Найаб Хайдер провинциясының құқық қорғау органының өкілі.
Оның сөзінше, екі жоғары шенді полиция қызметкерінің құрбан болғаны расталды.
Осы әрекет үшін жауапкершілікі мойнына «Талибанмен» байланысты бар «Джамаат-уль-Ахрара» террористік тобы алды.
Аталмыш ұйым өкілдері 2016 жылдың наурызында Лахор паркінде жарылыс ұйымдастырған болатын. Ол уақытта террористердің көздегені христиандар болатын. Жанкешті іске қосқан жарылғыш заттың салдарынан 70 адам көз жұмды.