Пәкістанның оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан 15 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан 15 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

AFP агенттігінің деректеріне сәйкес, жарылыс Кветта қаласындағы полиомиелитке қарсы вакцинациялау орталығы ғимаратының маңында болды. "15 адам қаза тапты, олардың 12-сі полицей, бір әскери қызметші және екі азаматтық тұлға", - деп мәлімдеді агенттікке жергілікті құқықтық тәртіп органдарының өкілі. 10 адам жарақат алды.