Пәкістанның солтүстік-шығысында шариғат заңы енгізілді

ИСЛАМАБАД. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат – Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари елдің солтүстік-батысындағы Сват алқабында исламдық шариғат заңын енгізу туралы өкімге қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Бұл шара Исламабад пен «Талибан» қозғалысының жақтаушылары арасындағы бейбіт келісім аясында жасалып отыр. Бұған дейін Ұлттық ассамблея депутаттары президентті Сват алқабына шариғат заңын енгізуді қолдауға шақырған болатын. Ал Батыс елдері мен құқық қорғаушылар «Талибан» мен «Әл-Кайеда» жақтаушыларының бақылауындағы аудандарда шариғат заңының енгізілуі экстремистердің ұстанымын күшейтуі мүмкін деп, алаңдаушылық білдіруде.