Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тағы қақтығыс болды
17:34, 06 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Шамамен төрт сағатқа созылған ұрыс Ауғанстанның Кандагар провинциясындағы шекаралас Спин Болдак қаласына жақын жерде болды, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.
Басылымның атап өтуінше, қаза тапқан 4 адамның денесі жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Пәкістанда 3 адамның жараланғаны хабарланды.
Спин Болдактан бір түнде босқындар тасқыны ағылып, көптеген адамның жаяу және көлікпен қашып бара жатқаны белгілі болды Көрші ауылдардың тұрғындары да қашып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кейінгі 10 күнде Пәкістанның әскери-әуе күштері Ауғанстан территориясына (бірден үш шығыс провинцияға) әуеден соққы жасап, 10 бейбіт тұрғынды өлтірген болатын.