Пәкістан: Нью-Делидің теракт бойынша айыптаулары негізсіз

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан билігі радикалды «Лашкар-и-Тайиба» тобының Пәкістанмен байланысы бар екеніне қатысты ешқандай дәлел ұсынған жоқ. Бұл туралы Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Sky News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Нью-Дели бұл терактіні аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдаланды, деп қосты министр.

– Олар (Үндістан билігі) Пәкістанды айыптау үшін ешқашан нақты дәлелдер келтірмеген. Бұл – өздеріне тиімді жағын жаратудың амалы ғана. Біздің бұл іске қатысымыз жоқ”, – деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, «Лашкар-и-Тайиба» тобы Пәкістан аумағында әрекет етпейді. АҚШ пен Үндістанның арнайы қызметтері нақты айғақсыз қате қорытынды жасаған. Пәкістанның қауіпсіздік органдары бұл оқиға алдын ала жоспарланған әрекет болғанын және оның мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты бұзу екенін анықтаған.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болғанын жаздық.

Үндістанда туристер жиі баратын Пахалгамда, яғни «Үндістанның кішкентай Швейцариясы» аталып кеткен жерде хаки түсті киім киген белгісіз қарулы адамдар Байсаран аңғарында жүрген туристерге оқ жаудырған еді. Шабуылда 26 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Ақорда Мемлекет басшысының Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтқанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Үндістандағы қарулы шабуылды қатаң айыптады.

Үндістан басқаратын Кашмирдегі танымал туристік орталықта қарулы адамдар тобы 26 адамды өлтіргеннен кейін Үндістан Пәкістанға қарсы шараларға көшті.

Джамму мен Кашмир полициясы Пахалгамда шабуыл жасағандардың аты-жөнін әшкерелеп, олар туралы ақпарат бергендерге сыйлық жариялады.