Пәкістан премьер-министрі Бішкекте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді
21:12, 18 Мамыр 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғыз Республикасының астанасында болған шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаны баса назарда ұстап отырғанын айтты. Бұл туралы 24.kg жазды.
Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын.
Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкекте болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.