Пәкістанда дауыл салдарынан 10 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның халқы тығыз орналасқан Пенджаб провинциясында дауыл болды, деп хабарлайды Report.
Дауыл кезінде ескі және қараусыз қалған ғимараттардың опырылуы салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 45 адам жарақат алған.
Табиғи апат бірқатар қалаларға айтарлықтай зиян келтіргені атап өтілді. Пенджаб провинциясының Джелум, Лахор, Равалпинди, Шейхупура, Нанкана Сахиб, Сиалкот және Мианвали қалалары табиғи апаттан ең көп зардап шекті. Лахордың көптеген ауданында қатты жел ағаштарды жұлып, көптеген үйге, дүкендерге және көліктерге зақым келтірді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Карачиден Лахорға ұшатын FL-842 жекеменшік әуе компаниясының самолёты қону кезінде дауылға тап болды. Қатты желдің салдарынан қонуға мүмкіндігі болмаған ұшақ қайтадан әуеге көтеріліп, Карачиге оралды.
Пенджабта төтенше жағдай жарияланды. Билік дауылдан зардап шеккен аймақтарда шұғыл шаралар қабылдауды бұйырды.
Еске сала кетейік, Пәкістанда жанкешті мектеп автобусын жарып жіберді.