Пәкістанда жол апатынан 4 адам қаза тауып, 19-ы жарақаттанды
08:02, 18 Қазан 2023
Кеше Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясында жол-көлік апатынан 4 адам мерт болып, тағы 19-ы жарақат алды. Kazinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Дера-Гази-Хан округінде болған.
Полиция таратқан ақпарат бойынша, жолаушылар фургоны аяқасты жолға шығып кеткен рикшаны соғып кетпеу үшін рульді кенеттен бұрып, тасжолдан ұшып кеткен.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, кейбірінің жағдайы өте ауыр.
Құтқарушылар фургонды жолдан алып тастағанша жол апаты болған орында қозғалыс тоқтатылды.