Палестиналықтардың Газадан шығарылуы соғыс ашу дегенді білдіреді – Иордания Үкіметі

Палестиналықтарды Газа секторынан немесе Иордан өзенінің Батыс жағалауынан көшіруге деген кез келген әрекет соғыс ашу деп бағаланады. Иорданияның премьер-министрі Бишар әл-Хасауне осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Каzinform агенттігі.

Фото: Иордания Үкіметінің Х әлеуметтік желісі

«Палестиналықтарды Газа секторынан немесе Иордан өзенінің Батыс жағалауынан көшірудің кез келген әрекеті соғыс ашу деп бағаланады», - деп жазды Иордания премьер-министрі Х әлеуметтік желісінде.

Осыған дейін Иорданияның әскери-әуе күштері Газаға жедел медициналық көмекті парашютпен түсіргенін жаздық.