Палатаның жалпы отырысы болады

None
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болып, онда 29 қаңтарда болатын палатаның жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру туралы тұрақты комитеттердің ұсыныстары қаралды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.Депутаттар талқысына «Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы», «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Тауарлардың шығарған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылатын болды. Сондай-ақ жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралады.