Палеонтологтар ежелгі өрмекшіні анықтады

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Ғалымдар Қытайдың солтүстігінде жасы 165 миллион жыл болатын, жақсы сақталған өрмекшінің қалдығын тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер анықталған өрмекшінің қазіргі өрмекшілер түрлеріне көптеген ұқсас белгілері бар екенін атап айтады. Бұл соңғы 165 миллион жылда өрмекшілердің айтарлықтай қатты өзгере қоймағындығын білдіреді.