Жойылып кеткен Rhacolepis buccalis түріне жататын жебе қабықты балықтың қаңқасы бор кезеңіне қатысты тасқа айналған қаңқалар көп кездесетін Бразилиядағы Сантанада табылды. Зерттеушілер қаңқаның жасы шамамен 116-119 миллион жыл деп есептеп отыр.
Бразилия, Франция мен Швеция ғалымдары тасқа айналған балықтың денесін микротомографияның синхротрондық рентгендеу тәсілімен зерттеді. Олар жақсы сақталған жүректі тапты, оның артериальдық конусы - яғни қозғалатын бөлігі айқын көрінеді. Онда бес қақпақшасы бар екендігі белгілі болды.