- Палестина әкімшілігі Фенцелге (Майк Фенцель, АҚШ-тың қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі) Палестина қауіпсіздік күштеріне шұғыл қажет жабдықтар мен оқ-дәрілер тізімін берді», - деп хабарлайды Axios.
Axios Палестина билігіне кез келген әскери көмек тек Израильдің рұқсатымен ғана көрсетілетінін еске салды.
АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің ресми өкілдері израильдіктерден оқ-дәрілер, каска, бронды кеудешелер, радиостансалар, түнгі көру құралдары, жарылғыш заттарды залалсыздандыруға арналған костюмдер мен брондалған көліктердің шұғыл жеткізілуін мақұлдауды сұрады.
Атап өтілгендей, Мысыр, Иордания және Сауд Арабиясы Джениндегі операцияны қолдап отыр.
Дженин қаласы мен оның босқындар лагерін бақылауға алу операциясы – Палестина қауіпсіздік күштерінің соңғы жылдардағы ең ауқымдысы.
Бұған дейін Израиль әуе күштерінің Газа секторына жасаған соққылары салдарынан 46 палестиналық қаза тапқаны хабарланған болатын.