Палестина ЕКПА-ның демократия жөніндегі серіктесі мәртебесін алды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) дауыс берушілердің басым үлесімен Палестинаға «демократия жөніндегі серіктес» мәртебесін беру туралы қарарды қабылдады.

ЕКПА қабылдаған қарарда бұл мәртебенің берілуі «палестиналық мемлекетті мойындауға еш қатысы жоқ» екендігі ескерілген, деп жазады ВВС орыс қызметі.

Сонымен қатар ЕКПА қарарында «Палестинада ұлттық бірлік үкіметін құру туралы келіссөздерді тез арада аяқтауға және президенттік, парламенттік және муниципалдық сайлауларды өткізудің тиімді мерзімдерін белгілеуге» шақыратын үндеу жолдары кездеседі.