Палестина-Израиль қақтығысы: Газадағы жалғыз электр станциясы жұмысын тоқтатты
BBC News агенттігі Газа энергетика ведомствосына сілтеме жасап жазуынша, анклавтағы жалғыз электр станциясы отын тапшылығынан жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Израиль дүйсенбі күні Газаны толықтай оқшаулап, азық-түлік, су мен отын жеткізетін жолдарды бөгеп тастаған болатын.
Израильдің оңтүстігінде әскерилер Ашкелонға зымыранмен шабуыл жасады.
Сол аралықта Израиль Қорғаныс әскерінің ресми өкілі Дорон Шпильман әскери іс-қимылға қатысу үшін тағы 300 мың резервист шақырылғанын мәлім етті.
Израиль оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Бұл туралы Израиль білім министрлігі мәлімдеді.
«Онлайн-оқыту оқушылардың сынаққа төзімділігін нығайтып, қазіргі жағдайға сай эмоциялық және әлеуметтік аспектілерге бағытталады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Kazinform меншікті тілшісінің хабарлауынша, мыңдаған адам Израиль-Палестина қақтығысына көзқарасын білдіру үшін Амман орталығындағы көшелерге шықты.