Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездескеннен кейін Палестина Ұлттық Әкімшілігі Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики айтты.
«Біздің елдеріміз президенттері, сондай-ақ біздің халықтарымыз арасындағы қарым-қатынас өте жақсы деңгейде екендігін атап өткім келеді. Кездесу барысында біз қазіргі уақытта орын алып отырған жағдайлардан кері қайту қажет деген ортақ пікірге келдік және біздің елдеріміз арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты қозғай аламыз», - деді ол.
Сонымен қатар Рияд әл-Маликидің атап өтуінше, ертең, 12 қыркүйек күні ол Мемлекет басшысымен кездесуді әрі Палестина Президентінің жолдауын табыс етуді жоспарлап отыр.
«Мен ертең ҚР Президенті Аса Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Палестина мемлекеті Президентінің хатын табыс етемін. Мен, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының кездесу мүмкіншілігін талқылаудың орайы келеді деп сенемін», - деді ол.