Палестина мемлекеті таяудағы екі жылда құрылмақ

МӘСКЕУ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Палестина ұлттық әкімшілігінің өкіметі Израильмен бейбіт келіссөздердің нәтижелеріне қарамастан, таяудағы екі жылдың ішінде өз мемлекетін құрмақ,

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Бұл туралы the Jerusalem Post газеті Палестина премьер-министрі Салам Файядтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Палестина мемлекетін құру жоспарында экономиканы Израиль тәуелсіздігінен шығару, үкімет аппаратын қысқарту және құқықтық жүйені біріктіру көзделген.