Палестина президентінің баспасөз хатшысы Биньямин Нетаньяху мәлімдемесіне жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM - Палестина президентінің баспасөз хатшысы Набиль Әбу Радин астанасы Шығыс Иерусалимде болатын тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылмайынша аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu.

Фото: Anadolu

Палестинаның WAFA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әбу Радин бұл мәлімдемені Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекетік құруға қарсы сөз сөйлеген соң жасады.

«Астанасы Шығыс Иерусалимде болатын тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылмайынша, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық болмайды. Бүкіл аймақтағы жағдай күрделі. Нетаньяхудың Палестина мемлекетін құруды жоққа шығаратын мәлімдемелері бұл үкіметтің бүкіл аймақты тұңғиыққа итермелеуді көздейтінін растап отыр», - деді баспасөз хатшысы.