Палестинада 69 бала туған 40 жастағы әйел көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестина тұрғыны, 69 бала туған ана 40 жасында өмірден озды.

Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

 26 ақпанда әйелдің қайтыс болғаны жайлы жергілікті БАҚ-қа оның күйеуі мәлім еткен. Алайда қандай жағдайда бақилық болғаны айтылмаған.

Басылымның ақпаратына қарағанда, қайтыс болған  жан әлемдегі ең көп бала туған әйел. Бірақ оның рекорды ресми  расталмаған көрінеді.

Айта кетер болсақ, Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, тарихтағы ең көп баланы дүниеге әкелген ана, 18-ғасырда өмір сүрген Шуя қаласының тұрғыны (Ивановская область)  орыс шаруасы Федор Васильевтің әйелі болған.  Ол 69 баланы өмірге әкелген.