деп хабарлайды ҚазАқпарат Ru.euronews.net сайтына сілтеме жасап.
Форумға 2 мыңнан астам делегаттар қатысуда. Олар ФАТХ ұйымының Палестина автономиясындағы және одан тысқары жерлердегі өкілдері.
Съезде Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас баяндама жасады.
Аббас палестиналықтардың Израильмен бейбітшілікке мүдделі екенін, егер бейбіт келіссөздер мүмкін болмаса, күреске де дайын екенін мәлімдеді.
«Біз бейбітшілікті жақтаймыз, дегенмен халықаралық заңнамалар ауқымында қарсы тұру құқығын да өзімізге қалдырамыз», - деді палестиналық көшбасшы. Ол палестиналық жікке бөлінушілікте ХАМАС қозғалысын айыптады.
Ұйымның басшы органдарын сайлау бейсенбіде өтеді.