Палестинада Рамазан айында ажырасуға тыйым салынды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Палестинадағы шариғат негізінде үкім беретін құзырлы орынның қасиетті Рамазан айында ерлі-зайыптылардың ажырасқаны туралы сертификатты бермейтінін мәлімдеді. Алайда, айрықша жағдайларда ерлі-зайыптылар Жоғарғы сот бюросының растаған құжатын ала алады. Бұл туралы muslim.kz сайтынан хабарланды.

Аталмыш шешім 2012 жылдың ораза айы кезінде ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткішін айтарлықтай төмендеткен осы іспен айналысатын арнайы бөлімнің ұсынымдарына сәйкес қабылданған. Бұл бөлімнің өкілдері мәлім еткендей, кейбіреулер ажырасу жайлы түпкі ойын жүзеге асыру үшін қасиетті айда сусыннан, ас-ауқаттан, шылымнан және төсек қатынасынан тыйылуды сыныққа сылтау ететін көрінеді. Иордан өзенінің батыс жағалауында және Газа секторында неке қидыру, ажырасу, балаларды қамқорлыққа алу және алимент төлеу секілді отбасылық мәселелердің шариғат негізінде реттелетінін айта кету керек. Ал осы өңірдегі христиандардың отбасылық ісін шіркеу соты қарайды.