Палестиналықтар әлемдегі ең үлкен көйлекті тікті

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Иорданның Батыс жағалауындағы Хевон қаласының палестиналық тұрғындары кестемен өрнектелген әлемдегі ең үлкен көйлекті тігіп отыр.

Олардың айтуынша,    көйлекті  тігуге  150-ге жуық     шебер атсалысқан.   Көйлектің    ұзындығы   32,6 метрді,    ені - 18,1 метрді    құрайды,   деп хабарлайды    шараны  ұйымдастырушылар.   Бұл    көйлекті    тігудегі  мақсат -   Гиннестің   Рекордтар  кітабына   ену  және    жергілікті  шебелердің  жұмыстарына   жұртшылықтың  назарын  аудару   болып  отыр,  деп   хабарлайды ВВС-дің  Орыс қызметі.