Палестиналықтар Израильді Газадағы қылмысы үшін жазалауды талап етуде

АСТАНА.  Қазанның 15-і.  ҚазАқпарат -  Палестина автономиясының өкілдері      әскери қызметкерлерінің  қылмыстары  үшін Израильді   жазалауға    бағытталған     халықаралық    акция  өткізуге   үндеу  тастады.

Әскери қылмыстар  2008   жылы  желтоқсанның  28-інде Газа секторында  басталған  жауынгерлік  әрекеттер кезінде жасалған  деп пайымдалуда,  деп   хабарлайды РБК агенттігі. 

Израильдіктерді  жазалау  туралы  үндеу   БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесіндегі   Таяу Шығыс  жөніндегі  жарыссөздің    барысында    жария етілді.        Палестиналықтардың   талаптары  Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы судьясы   Ричард  Голдстоун бастаған       комиссияның  баяндамасындағы мәліметтерге  негізделіп  отыр.   Ол құжаттарда     Израильдің    қарулы күштері  де,   Палестинаның    күштері де әскери қылмыстары  үшін   айыпталған, сондай-ақ   адамзатқа қарсы  қылмыс жасады деп  күдік келтірілген.

Израиль басшылығы   Голдстоун комиссиясының     қорытындыларымен   келіспей  отыр.  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің  мәжілісі  барысында     40-тан  астам түрлі лауазымды  тұлғалардың баяндамасын тыңдау     жоспарлануда.