«Palestine 36» фильмі 2026 жылғы Оскар сыйлығына Палестинаның ресми үміткері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның TRT телеарнасының қолдауымен түсірілген «Palestine 36» фильмі 2026 жылы өтетін 98-Оскар марапаттау рәсіміне Палестинаның ресми қатысушысы ретінде таңдалды, деп хабарлады Анадолы.
TRT арнасының хабарлауынша, фильмнің режиссері көптеген марапатқа ие болған атақты палестиналық киногер Аннамари Ясер, продюсері палестиналық Усама Баверади болды.
Фильмнің актерлар құрамында Хиам Аббас, Камел Аль-Баша, Ясмин Аль-Масри, Жалал Альтавил, Роберт Арамайо, Салех Бакри, Яфа Бакри, Карим Дауд Аная, Билли Хоул, Дафер Л’Абидин, Лиам Каннингэм және Джереми Айронс сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бар.
«Palestine 36» фильмі Палестина халқының 30 жыл бойы британдық отаршылдық билігіне қарсы көтерілісі туралы баяндайды.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2025 жылдың 4-14 қыркүйегінде өтетін 50-Торонто халықаралық кинофестивалінің Гала-көрсетілімі аясында өтеді.
Аннемари Джасирдің «Ваджиб» (Wajib), «Мен сені көргенде» (When I Saw You) және «Осы теңіздің тұзы» (Salt of This Sea) фильмдері осыған дейін Оскарға ұсынылған.
Еске сала кетейік, «Оскарды» енді ЖИ көмегімен түсірілген фильмдер алуы мүмкін.