Палуан Амандық Бәкеев «Моңғолия Оупеннің» қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлан-Баторда еркін күрестен «Моңғолия Оупен» жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakkhstan Wrestling Online-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтемемен Sports.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық кезеңде өзінің отандасы Номин Батболдтан басым түскен Мандахнаран Ганзориг жеңімпаз атанды. Қола жүлделерге қазақстанды Амандық Бәкеев пен ресейлік палуан Виктор Степанов лайық деп танылды.