Ұлттық құрама бапкерлері онда Әлем чемпионаты мен Астанада және Тайван қалаларында өткен іріктеу сындарында жолдама ала алмаған үш спортшыға сенім артуда. Олар әйелдер күресінен Айым Әбілдина (55 кг) және грек-рим күресінен Марат Кәрішалов (55 кг) пен Алхазур Оздиев (96 кг). Ел намысын қорғайтын бұл спортшылар Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының жолдамасын иелену үшін үздік үштіктің қатарына енуі керек.
12:58, 04 Мамыр 2012
Палуандар Хельсинкиде Олимпиада ойындарының соңғы жолдамаларын сарапқа салуда
АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Финляндияның Хельсинки қаласында еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының ақтық іріктеу турнирі басталды.