«Адамзаттың қазіргі білімі мен қаржысы 2030 жылға қарай СПИД, туберкулез және безгек ауруларын жеңе алатындай әлеуетке ие»,-деп атап өткен БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун.
Осы ауруларға қарсы Жаһандық қор осы дерттермен күресу үшін 13 млрд АҚШ долларына сұрау салған екен. Бұл қаржыны алдағы үш жылда жинау керек. Пан Ги Мун бұл міндетке жету үшін бүкіл әлемді күш жұмылдыруға шақырған. БҰҰ Бас хатшысының дерегіне сүйенсек, осы қордың арқасында 20 млн адамның жаны аман қалған.
Жаһандық қор жұмысын бастағаннан бері осы үш аурудың алдын алып, емдеу үшін әлем бойынша 150-ден астам елге ондаған млрд доллар ақша бөлген.