Ал 2011 жылдың маусымында екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланды. БҰҰ басшылығы қызметіндегі өзінің негізгі бағыттары ретінде ол ұйым тиімділігін арттыру, оған мүше елдер арасында өзара сенімді күшейтіп, БҰҰ қарауындағы ресурстарды тиімді жұмсауды атайды.
Пан Ги Мун үш мәрте Оңтүстік Кореяның «Еңбек сіңіргені үшін» орденімен марапатталған. Сонымен бірге Оңтүстік Кореямен қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін түрлі елдердің марапаттарына да ие.