Пан Ги Мун Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлерінің күзетін күшейтуге шақырды

None
АСТАНА.  Қазанның   30-ы.  ҚазАқпарат -  БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун    ұйымның Ауғанстандағы     қызметкерлерін  қорғау  жөнінде жедел  шаралар  қабылдау  қажеттілігін мәлім  етті, 

деп   хабарлайды  «Азаттық»  радиосы. 

Оның  пікірінше,  қауіпсіздік күштері  БҰҰ    өкілдерінің  күзетін күшейтулері   керек - әсіресе   Ауғанстандағы   президенттік сайлаудың қарашаның  7-сіне   тағайындалған    екінші кезеңінің  қарсаңында.

Жақында    Кабулдегі  БҰҰ  қонақүйіне  жасалған  шабуылдың салдарынан        халықаралық  ұйымның  5 қызметкері  қаза тапқан  болатын.

Пан Ги Мунның айтуынша,  биылдыққа   дүниежүзі бойынша БҰҰ  азаматтық  миссияларының 27 мүшесі    қаза тапқан,  олардың көбісі Ауғанстан  мен  Пәкістанда   қайтыс  болып  отыр.