Пан Ги Мун Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлерінің күзетін күшейтуге шақырды

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Ауғанстандағы қызметкерлерін қорғау жөнінде жедел шаралар қабылдау қажеттілігін мәлім етті,

деп   хабарлайды  «Азаттық»  радиосы. 

Оның  пікірінше,  қауіпсіздік күштері  БҰҰ    өкілдерінің  күзетін күшейтулері   керек - әсіресе   Ауғанстандағы   президенттік сайлаудың қарашаның  7-сіне   тағайындалған    екінші кезеңінің  қарсаңында.

Жақында    Кабулдегі  БҰҰ  қонақүйіне  жасалған  шабуылдың салдарынан        халықаралық  ұйымның  5 қызметкері  қаза тапқан  болатын.

Пан Ги Мунның айтуынша,  биылдыққа   дүниежүзі бойынша БҰҰ  азаматтық  миссияларының 27 мүшесі    қаза тапқан,  олардың көбісі Ауғанстан  мен  Пәкістанда   қайтыс  болып  отыр.